ЖАРИЯ ОФЕРТА

Осы жария оферта (бұдан әрі сондай-ақ – «Оферта») төменде айқындалғандай, Платформаға Қол жеткізуді ұсыну туралы (қызметтер көрсету) шартын (бұдан әрі – «Шарт») Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 395-бабына (бұдан әрі – «ҚР АК») сәйкес, Офертада қамтылған талаптармен жасасу туралы «Умскул» ЖК-нің (ЖСН 980429050489) (бұдан әрі – «Орындаушы») анықталмаған тұлғалар тобына жолданған ұсынысы болып табылады.

Орындаушы (оферент) Пайдаланушыны алдын ала хабардар етпестен офертаға өзгерістер енгізуге құқылы. Өзгертілген оферта Орындаушының сайтында жарияланған сәттен бастап күшіне енеді.

Анықтама үшін! ҚР АК-нің 395-бабының 1-тармағына сәйкес, шарт жасасу туралы бiр немесе бiрнеше нақты жақтарға жасалған ұсыныс, егер ол жеткiлiктi дәрежеде айқын болып, ұсыныс жасаған жақтың ол қабылданған жағдайда (акцепт) өзiн сонымен байланысты деп есептеу жөнiндегi ниетiн көрсетсе, оферта деп танылады. Егер ұсыныста шарттың елеулi ережелерi немесе оларды анықтау тәртiбi көрсетiлсе, ол жеткiлiктi дәрежеде айқын деп табылады.

Осы баптың 5-тармағына сай ұсыныс жасаушы жақтың кез келген хабарлаушысымен ұсыныста көрсетiлген жағдайларда шарт жасасу еркi көрiнетiн, шарттың барлық елеулi ережелерi бар ұсыныс оферта (жария оферта) деп танылады. Оферта жолданған жақтың оны қабылдағаны туралы жауабы акцепт деп танылады. Акцепт толық әрi бұлтарыссыз болуға тиiс (ҚР АК 396-бабының 1-тармағы).

Назар аударыңыз! Платформада тіркелу фактісімен Сіз Оферта талаптарымен келісетініңізді білдіресіз және Орындаушымен Шарт жасасасыз. Платформада тіркелгенге дейін Офертамен және Шарт талаптарымен мұқият танысыңыз. Көрсетілген әрекетті орындау оферта талаптарын толық әрі сөзсіз қабылдау болып есептеледі және Орындаушымен шарт жасасу ретінде бағаланады. Осы жария офертаны акцептеу Пайдаланушының шартта белгіленген міндеттемелерді өзіне қабылдағанын білдіреді.

Егер Сіз осы Оферта талаптарымен келіспесеңіз немесе Орындаушымен Шарт жасасуға ниет білдірмесеңіз, Сіз https://umschool.kz/ сайтының мазмұнымен тегін және тіркелусіз таныса аласыз, бірақ Платформа функционалын пайдалана алмайсыз. Платформада тіркелуден бас тарту оферта талаптарын акцептеуден бас тартуды білдіреді және құқықтық салдар туындатпайды.

Орындаушы туралы толығырақ ақпарат алу үшін, сұрағыңызды support@umschool.kz
электрондық поштасына жіберуіңізді сұраймыз

Офертаны акцептей отырып, Пайдаланушы келесі шарттың талаптарын қабылдайды:

ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР


Осы Офертада және оны акцептеу нәтижесінде жасалатын Шартта пайдаланылатын терминдер төмендегідей мағыналарға ие:

Платформа – бағдарламалық жасақтаманы пайдалану құқығын беру туралы лицензиялық шарт негізінде Орындаушыға тиесілі, интерфейсті, сайтты және бағдарламалық-аппараттық кешенді, оның ішінде ЭЕМ-ге арналған бағдарламаларды қамтитын, Пайдаланушыларға жазылым негізінде Контентті сатып алуға және алуға мүмкіндік беретін технологиялық ақпараттық жүйе.

Сайт – «Интернет» желісіндегі сайт, оған қол жеткізу https://umschool.kz/ мекенжайы бойынша қамтамасыз етіледі, онда тіркелген пайдаланушылар үшін Платформаның функционалы жүзеге асырылады, ол ақпараттың, мәтіндердің, графикалық элементтердің, дизайнның, бейнелердің, фото-бейнематериалдардың, коммерциялық белгілердің және өзге де зияткерлік қызмет нәтижелері мен дараландыру құралдарының жиынтығын білдіреді, олар пайдаланушыларға осындай ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ететін ақпараттық жүйеде қамтылған.

Пайдаланушы – Платформада тіркеуден өткен және Контентті сатып алу және алу үшін Пайдаланушының Жазылымы талаптарымен Платформаны пайдаланатын не белгілі бір Контентке қол жеткізуді бір жолғы негізде сатып алатын жеке тұлға.

Пайдаланушының жазылымы – Контентті алу және Платформаның функционалын, сондай-ақ Платформаның өзге де мүмкіндіктерін пайдалану мақсатында Платформаға қол жеткізу үшін Пайдаланушының ай сайынғы төлемі.

Пайдаланушыны тіркеу – Офертаға сәйкес Сайттың функционалы арқылы жүзеге асырылатын, оған Қол жеткізу мақсатында Пайдаланушыны Платформа пайдаланушысы ретінде тіркеу.

Қызметтер – Орындаушының Платформада өткізілетін қашықтықтан аудио- және бейнесабақтар, вебинарлар, курстар арқылы оқыту, Контентке қол жеткізуді ұсыну, жұмыс материалдарымен алмасу, жазбаша және ауызша өзара әрекеттесу жолымен Пайдаланушыға көрсететін, Пайдаланушы Платформа арқылы Орындаушыдан сатып алатын көлемдегі қызметтері.

Контент – мәтіндік, аудио-, фото-, аудиовизуалды және өзге де материалдар, оларға құқықтар Орындаушыға тиесілі және оларды пайдалану құқығы Пайдаланушыға Қызметтерді көрсету кезеңінде осы Шартта көзделген талаптармен беріледі.

Қолжетімділік – Орындаушы ақылы негізде ұсынатын, Қызметтерді алу және көрсету үшін веб-интерфейс арқылы Платформаның функционалын пайдалану мүмкіндігін, онда белгілі бір ақпаратты, оның ішінде Контентті орналастыру және пайдалану мүмкіндігін, сондай-ақ Платформаның өзге де мүмкіндіктері мен функционалын пайдалануды қамтитын қызмет.

«Автоматты төлем» опциясы – Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 26 шілдедегі № 11-VI «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Заңы 32-бабының («Төлем талабы») ережелеріне сәйкес Пайдаланушыға Пайдаланушының Жазылымын Орындаушы пайдасына Пайдаланушының банк шотынан үнемі автоматты түрде ақша аударымдары арқылы төлеуге мүмкіндік беретін сервис.

Пән – оның оқытылуы үшін Тапсырыс беруші Қызметтерді сатып алатын (Пакеттің атауы арқылы айқындалады), бір тақырыпқа біріктірілген ақпарат жиынтығы, 

Сабақ – оның ішінде Орындаушы Пайдаланушыға Платформа арқылы Қызметтерді көрсететін (онлайн форматта) оқыту процесінің уақыт кезеңі. Сабақтар теориялық (сабақты оқытушының бейнежазбасы) және практикалық (тікелей эфирде нақты уақыт режимінде оқыту) болып бөлінеді.

Пакет – белгілі бір Пәнді оқыту мақсатында Пайдаланушыға көрсетілетін Қызметтер үшін қажетті Сабақтар жиынтығы (практикалық және/немесе теориялық), сондай-ақ онымен байланысты Контент. Пакеттің әрекет ету мерзімі Орындаушының тиісті Қызметтерді көрсетуге міндетті болатын кезеңін анықтайды. Пакет сипаттамалары оның төлемінен бұрын Сайтта қолжетімді болып, әрекет ету мерзімін, тарифтерді, Контентке қол жеткізу уақытын және/немесе басқа параметрлерді қамтиды.

Преподаватель – лицо, привлеченное Исполнителем для оказания Услуг, которое непосредственно проводит Занятия, осуществляет проверку домашнего задания и пр.

Оқытушы – тікелей Сабақтарды өткізетін, үй тапсырмаларын тексеретін және басқа да әрекеттерді жүзеге асыратын Орындаушы тартқан және Қызметтерді көрсететін тұлға.

1. ШАРТТЫҢ МӘНІ

1.1. Орындаушы осы Шарт талаптарына сәйкес Пайдаланушыға ақылы негізде Платформаның мүмкіндіктерін пайдалана отырып Қызметтерді көрсетуге міндеттенеді, ал Пайдаланушы осы Қызметтерді Шарт талаптарына сәйкес төлеуге міндетті.

1.2. Көрсетілетін Қызметтердің көлемі, мазмұны және құны Пайдаланушы таңдаған Қызмет түріне («Курс», «Мастер-топ», «Негізгі курс», «Флеш», «Финал» және өзге де курстар) және Платформада орналастырылған тарифтерге сәйкес анықталады. Платформада белгіленген тарифтерге сәйкес, Пайдаланушыға көрсетілетін Қызмет түрі біржолғы да, ай сайынғы да төлемді қарастыруы мүмкін.

1.3. Қызметтер Пайдаланушыға Платформада Платформаның функционалын пайдалану арқылы көрсетіледі, бұл үшін Пайдаланушыда Платформаға қол жеткізуге арналған әрекеттегі Қолжетімділігінің болуы және Пайдаланушының Платформа Қағидаларын сақтауы қажет.

1.4. Қызмет түрін таңдау Пайдаланушының тіркелуіне байланысты Платформада қолжетімді болады. Пайдаланушыға Орындаушының әрбір Қызмет түрі туралы ақпарат Платформаға орналастыру арқылы ұсынылады, соның ішінде сипаттамасы, тақырыптар тізімі, ұзақтығы, қолжетімділігі, материалдар құрамасы, қосымша сервистердің болуы көрсетіледі. Белгілі Қызмет түрлері (акциялық курстар) Пайдаланушы оларды Платформада сәйкес курс аяқталғаннан кейін сатып алса, қысқартылған көлемде көрсетілуі мүмкін.

1.5. Қызметтер көрсету құқықтары Орындаушыға тиесілі зияткерлік қызмет нәтижелерін пайдалана отырып жүзеге асырылады. Пайдаланушыға Офертада тікелей көзделген жағдайда, Орындаушының жазбаша рұқсатымен шектеулі пайдалану құқығын беру жағдайларын қоспағанда, Контентке айрықша құқықтар берілмейді.

1.5.1. Қызметтер Контентті пайдалану арқылы көрсетіледі, оған құқықтар Орындаушыға тиесілі және Тапсырыс берушіге ешбір жағдайда қолдануға берілмейді, тек Шартта белгіленген көлемде және тәртіпте, Қызметтерді алу үшін қажетті түрде ғана пайдалануға болады. Осы Шарт лицензиялық сипатқа ие емес және Пайдаланушыға Контентке қатысты ешбір құқық бермейді. Осы тармақтың талаптары теориялық Сабақтарға да қолданылады.

1.5.2. Осы Шарт бойынша көрсетілетін қызмет әдістемелері, қызмет көрсету тәсілдері, жұмыс және ақпараттық-әдістемелік материалдар, сондай-ақ Пайдаланушыға берілетін арнайы материалдар, базалар мен жинақтар бойынша авторлық, ерекше және басқа да туынды құқықтар Орындаушыға тиесілі және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 49–51-тарауларының ережелері мен 1996 жылғы 10 маусымдағы № 6-I «Авторлық құқық және оған қатысты құқықтар туралы» Заңына сәйкес қорғалады. Пайдаланушы осы шектеулер туралы хабардар етілген және Орындаушының тиісті құқықтарын бұзудың құқықтық салдарын түсінеді.

2. ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҚҰНЫ, ОЛАРДЫ ТӨЛЕУ ТӘРТІБІ 

ЖӘНЕ ЖЕҢІЛДІКТЕРДІ ҰСЫНУ САЯСАТЫ


2.1. Шарт бойынша төлем Пайдаланушының Платформада таңдаған әрбір Орындаушы Қызметі үшін тиісті шот негізінде жүзеге асырылады. Қызметтің құны Платформада орналастырылған тарифтерге сәйкес анықталады. Қызметтерге төлем Пайдаланушының Жазылымына төлем жасаумен бір уақытта, біртұтас төлем ретінде жүзеге асырылады. Тараптар Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 4 мамырдағы № 274-IV «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 39-бабының ережелеріне сүйене отырып, шарт бойынша есеп айырысулар Платформада қолжетімді кез келген тәсілмен қолма-қол емес түрде жүргізілетінін анықтады. Пайдаланушы Орындаушы қызметтерінің құнын 100%-дық алдын ала төлем шарттарымен төлейді.

2.2. Егер Пайдаланушы «Автоматты төлем» опциясын қосса, Орындаушының Қызметтеріне төлем Пайдаланушының банк шотынан ай сайын (тиісті айдың соңғы күні) автоматты түрде алынады, бұл Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 26 шілдедегі № 11-VI «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Заңының 32-бабы «Төлем талабы» ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады. «Автоматты төлем» опциясын қосу Пайдаланушының Платформадағы жеке кабинетінде «Автоматты төлем» батырмасын белсендіру арқылы жүзеге асырылады және тек Пайдаланушының бастамасы мен қалауы бойынша ғана іске асырылуы мүмкін.

2.3. Егер Пайдаланушы «Автоматты төлем» опциясын қосса, осы арқылы Пайдаланушы Орындаушыға Пайдаланушының банк шотынан Қызметтерді Шарт талаптары мен Платформада орналастырылған тарифтер бойынша автоматты түрде алу жөнінде келісім және тапсырма береді. Күтілетін төлем туралы Пайдаланушыға Платформадағы жеке кабинетінде және төлемге 5 (бес) күн қалғанда электрондық пошта арқылы хабарланады. Егер Пайдаланушының банк шотында Орындаушы қызметтеріне төлем жасау үшін жеткілікті қаражат болмаса, Орындаушы Пайдаланушының банк картасынан қаражат алу үшін сұрауды қайта жіберуге құқылы.

2.4. Пайдаланушы «Автоматты төлем» опциясынан кез келген уақытта Платформадағы жеке кабинетінде «Автоматты төлем» батырмасын өшіру арқылы бас тарта алады. Бұл жағдайда, «Автоматты төлем» опциясын өшіруге дейін Пайдаланушының банк картасынан Орындаушының Қызметтеріне аударылған қаражат Қызметтерді көрсетуге алдын ала төлем ретінде есептеледі және Пайдаланушы Қызметтерден бас тартқан жағдайда (толық немесе ішінара) қайтарылады.

2.5. Пайдаланушының Орындаушы қызметтеріне төлем жасау міндетін орындаған сәті — қаражаттың Сатушының есепшотына түскен сәті болып табылады.

2.6. Жазылым төлемі қолма-қол емес түрде келесі әдістердің бірі арқылы жүзеге асырылады:

2.6.1. Толық Жазылымға төлем оқыту бағдарламасы бойынша Курстың барлық оқу кезеңіне оқу басталар алдында жасалады.

2.6.2. Жазылымға төлем ай сайын есептік кезеңнің құны негізінде жүргізіледі.

2.6.3. Есептік кезеңнің құны Жазылым бағасын тиісті Курстың немесе Мастер-топтың оқу кезеңіндегі күндер санына бөлу арқылы анықталады және есептік кезеңдегі күндер санына көбейтіледі. Сонымен қатар, егер Пайдаланушы жеңілдік (бонус) алуға құқылы болса, жеңілдік (бонус) мөлшері осы Шарттың 2.8-тармағында белгіленген тәртіппен қолданылады.

2.6.4. Бірнеше есептік кезең үшін біржолғы аванстық төлем, кейін әрбір жаңа есептік кезең үшін оның құнына сәйкес ай сайын төлем жасау

2.6.5. Есептік кезеңнің құны Жазылым бағасын тиісті Курстың немесе Мастер-топтың оқу кезеңіндегі күндер санына бөлу арқылы анықталады және есептік кезеңдегі күндер санына көбейтіледі. Сонымен қатар, егер Пайдаланушы жеңілдік (бонус) алуға құқылы болса, жеңілдік (бонус) мөлшері Оферта 2.8-тармағында белгіленген тәртіппен қолданылады.

2.7. Пайдаланушы Орындаушы көрсететін Қызметтердің құнына алдын ала төлемді Платформада қолжетімді кез келген әдіспен, банк карталарын пайдалана отырып, Сатушының есепшотына қолма-қол емес аударым жасау арқылы (Сайтта орналастырылған тиісті мәзірді пайдалана отырып) жасай алады.

2.8. Жеңілдіктерді ұсыну саясаты:

2.8.1. Орындаушы өз қалауы бойынша Қызметтердің құнын төлегенде Пайдаланушыға жеңілдіктер беруге құқылы.

2.8.2. Оқыту басталар алдында толық Жазылым құнын төлеу немесе бірнеше есептік кезеңге біржолғы алдын ала төлем жасау (4.1.2-тармағының а, в тармақшалары) кезінде жеңілдік ең алдымен соңғы есептік кезең бағасына қолданылады. Егер жеңілдік мөлшері соңғы кезең бағасынан көп болса, қалған бөлігі алдыңғы есептік кезең бағасына қолданылады және солай жалғасады (соңғыдан бастап біріншіге дейін).

2.8.3. Ай сайынғы төлем кезінде (4.1.2-тармағының б тармақшасы) жеңілдік төленетін есептік кезеңге қолданылады.

2.9. Пайдаланушы Орындаушы қызметтеріне төлемді тиісті банк ұсынған несие (қарыз) қаражаттарын пайдалана отырып жасауға құқылы. Тараптар осы Шарттың несие / қарыз / бөліп төлеу шарты емес екенін, Орындаушы Пайдаланушыға қарыз беруші / несие беруші болып табылмайтынын және оған қатысты міндеттемелерді мойындамайтынын анықтады. Пайдаланушы несие таңдалған банк қағидаларында көзделген шарттар бойынша берілетінін түсінеді және келіседі. Орындаушы Пайдаланушыға банк арқылы несие / қарыз / бөліп төлеу беру шарттарына, оның ішінде алынған қаражатты пайдалану үшін пайыз мөлшері мен төлеу тәртібіне, сондай-ақ банктің несие / қарыз / бөліп төлеу беруден бас тартуына жауапты емес. Пайдаланушыға несие / қарыз / бөліп төлеу беру бойынша банк алдындағы міндеттемелерді Пайдаланушы өз бетінше орындайды. Орындаушы Пайдаланушы мен банк арасындағы құқықтық қатынастарға ешқандай қатысы жоқ.

3. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ


3.1. Орындаушы міндетті:

3.1.1. Пайдаланушыға таңдаған және төленген Қызмет түріне сәйкес тәртіпте және көлемде сапалы Қызметтер көрсетуге. Орындаушы тиісті Қызмет түрін көрсетуге белгіленген мерзімнен тыс қызмет көрсетуге міндетті емес, егер Пайдаланушының жауапкершілігіне жататын жағдайларға байланысты Қызметтер толық немесе ішінара көрсетілмеген болса, және Пайдаланушының кейін Қызметтерді сатып алуына қарамастан (мысалы, Пайдаланушыға тапсырмаларды тексеруді қамтитын Қызмет түрін сатып алған жағдайда, тексеру Орындаушы көрсететін Қызметтер мерзімі ішінде ғана жүргізіледі).

3.1.2. Платформада көрсетілетін Қызметтер, олардың мазмұны, мерзімі және құны туралы ақпарат ұсынуға.

3.1.3. Пайдаланушының персоналдық деректерін Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V «Персоналдық деректер және оларды қорғау туралы» Заңы талаптарына сәйкес өңдеуге, соның ішінде деректердің құпиялылығы, қауіпсіздігі және қорғалуы бойынша қолданылатын заңнамалық талаптарды сақтауға.

3.2. Орындаушы құқылы:

3.2.1. Пайдаланушы осы Шарттың немесе Платформа Қағидаларының талаптарын бұзған жағдайда, Орындаушы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 686-бабының 2-тармағына сәйкес, біржақты түрде Шартты мерзімінен бұрын тоқтатуға, бұл жағдайда алдын ала төленген Пакеттің Пайдаланушыға қайтарылатын бөлігі Орындаушы көрсеткен Қызметтердің көлеміне пропорционалды түрде есептеледі.

3.2.2. Пайдаланушыға Қызмет көрсету мерзімдерін өзгертуге, ол туралы Пайдаланушыға хабарлау сабақ басталардан кемінде 24 сағат бұрын келесі қолжетімді әдістердің бірі немесе бірнешеуі арқылы жүзеге асырылады:
а) электрондық пошта арқылы;
б) Пайдаланушының Платформадағы жеке кабинетінде;
в) мессенджерлер арқылы (WhatsApp немесе Telegram).

3.2.3. Пайдаланушыдан Офертаға қосылуға қажетті құқықтарының бар екендігін растайтын ақпарат пен құжаттарды, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға сәйкес қажетті басқа да растамаларды ұсынуды талап етуге, ал Пайдаланушы мұндай ақпарат пен құжаттарды сұраныс алынған сәттен бастап 2 (Екі) жұмыс күні ішінде ұсынуға міндетті.

3.2.4. Қызметтерге төлемді осы Шартта белгіленген тәртіп пен шарттар бойынша талап етуге.

3.2.5. Пайдаланушының келісімінсіз Қызмет көрсетуге үшінші тұлғаларды тартуға, олардың әрекеттері үшін Орындаушы өз әрекеттері сияқты жауап береді.

3.2.6. Пайдаланушы осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін, соның ішінде Орындаушының сыйақысы бойынша төлемді уақытында орындамаған жағдайда, Қызмет көрсетуден бас тартуға немесе Шартты орындауды тоқтатуға.

3.3. Пайдаланушы міндетті:

3.3.1. Орындаушының Қызметтері үшін төлемді осы Шарт талаптары мен шарттарына сәйкес уақытында және толық көлемде жасауға.

3.3.2. Орындаушы Қызметтерін алған кезде Платформаны Шартта белгіленген тәртіп пен шарттарға сәйкес пайдалануға.

3.3.3. Орындаушының зияткерлік құқықтарын бұзбауға, оның ішінде Контент, Сайт, Платформаға қатысты құқықтарды сақтау, Платформада алынған материалдарды Орындаушының алдын ала жазбаша рұқсатынсыз пайдаланбауға.

3.3.4. Қызметтерді кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес тек жеке мақсаттар үшін сатып алу және пайдалануға.

3.3.5. Өзара қарым-қатынастың этикалық нормаларын сақтауға, оның ішінде:
а) Орындаушыға, Оқытушыға және басқа Пайдаланушылар мен тұлғаларға құрметпен қарауға; дөрекі сөздер мен қорлауларды, арсыз сөздерді, агрессивті қарым-қатынас стилін қолданбауға;
б) қоғамдық жерде қатынасты анықтауды болдырмауға; дау туындаса, тікелей Орындаушыға жүгінуге;
в) Платформада және Қызмет көрсетуге байланысты қолданылатын коммуникациялық жүйелерде осы Шарттың 6.7-тармағында көрсетілген ақпарат пен материалдарды, Шарт тақырыбына қатысы жоқ ақпаратты, тыйым салынған, әдепсіз, эротикалық және порнографиялық мазмұндағы материалдарды орналастырмау және таратуға;
г) Платформада және Қызмет көрсетуге байланысты қолданылатын коммуникациялық жүйелерде үшінші тұлғалардың ұқсас Қызметтері туралы ақпаратты, соның ішінде басқа платформалар мен ондағы қызметтерді таратуға жол бермеуге.

3.3.6. Жеке кабинетке кіру логині мен құпия сөздің сақталуын қамтамасыз ету және оларды үшінші тұлғаларға бермеуге. Логин мен құпия сөзді беру кезінде Орындаушы Пайдаланушының Жеке кабинетке кіруін берілген бұзушылық жойылғанға дейін шектеуге құқылы.

3.3.7. Орындаушыға Қызметтерді тиісті түрде көрсетуге кедергі келтіретін әрекеттер жасамауға, соның ішінде басқа тұлғалардың шешімдерін пайдаланған немесе өз бетінше орындалмаған тапсырмаларды тексеруге ұсынбауға. Осы тармақ бұзылған жағдайда Орындаушы тиісті Қызметтерді көрсетуге, соның ішінде тапсырмаларды тексеруге бас тартуға құқылы.

Қызметтерді көрсету мен алу шарттарына жауапкершілікпен қарау, оның ішінде сабақ кестесін сақтау (Оқытушы көрсететін Қызметтер кестесі), Орындаушы ұсынған ұсыныстарды ескеру, барлық материалдарды оқу және тиісті курс шеңберінде тапсырмаларды орындау, оқу процесіне және сабақтарға адалдықпен қатысуға.

3.3.8. Шартта көзделген басқа міндеттемелерді орындауға.

3.3.9. Оқу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, үшінші тұлғаларға қатысты моральдық және этикалық нормаларды сақтау, оның ішінде арсыз сөздерді қолданбау, қорламау, нәсілі, жынысы, діні және басқа да себептер бойынша үшінші тұлғаларды кемсітуге жол бермеу, дінге сенуші адамдардың сезімін ренжітпеуге және т.б.

3.4. Пайдаланушы құқылы:

3.4.1. Егер Қызметтен бас тарту және пайдаланылмаған қаражатты қайтару туралы өтініш Пайдаланушының Жазылымды сатып алған күннен бастап 3 күн ішінде берілсе Қызмет көрсетудің басталуына дейін осы Шартты орындаудан бас тарту және Пайдаланушының төленген Қызметтерінің толық сомасын 4.1-тармақта көрсетілген тәртіппен қайтаруға. Басқа жағдайларда қаражат қайтарылмайды, себебі Жазылым рәсімделген кезде Пайдаланушыға айлық кестедегі барлық материалдарға қолжетімділік беріледі (тәжірибелік сабақтардан басқа).
Пайдаланушының және/немесе оның заңды өкілдерінің (ата-анасының) денсаулығына байланысты негізді себеп болған жағдайда және Пайдаланушы Жазылымды заңды өкілдердің келісімінсіз рәсімдеген жағдайда Орындаушы төленген Қызметтердің толық сомасын қайтаруға құқылы.

3.4.2. Оқыту процесін өту үшін қажет ақпарат пен материалдарды Орындаушыдан алуға.

3.4.3. Қызмет көрсетудің аяқталуына дейін кез келген уақытта осы Шартты орындаудан бас тартуға, бірақ Пайдаланушының хабарламасы бойынша сол сәтке дейін көрсетілген Қызметтердің құнын Орындаушыға төлеу шартымен.

3.4.4. Қызметтер туралы және олардың көрсетілу барысы туралы ақпарат алу, сондай-ақ Қызметтерді алу мәселелері бойынша Орындаушыға түсіндірме сұрауға.

3.4.5. Орындаушының Қызметтерін өз қалауы бойынша таңдау және сапалы Қызмет алуға.

3.4.6. Осы Шартта және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа құқықтарды жүзеге асыруға.

3.4.7. Пакет әрекет ету мерзімі ішінде 1 реттен аспайтын мөлшерде, келесі жоспарланған Сабаққа кемінде 24 сағат қалғанда Орындаушыны алдын ала хабардар ету арқылы оның әрекетін 30 күнге тоқтата тұруға («мұздату»). Бұл ретте «мұздату» аяқталғаннан кейін Орындаушы Тапсырыс беруші үшін бұрын келісілген Сабақ кестесінің сақталуына кепілдік бермейді (күндері, апта күндері және уақыты өзгертілуі мүмкін).

4. АҚШАЛАЙ ҚАРАЖАТТЫ ҚАЙТАРУ


4.1. Орындаушы Пайдаланушыға жазылым құнын төменде көрсетілген тәртіппен және заңмен және/немесе Шартпен көзделген жағдайларда қайтарады.

4.1.1. Қайтару Қызметтен бас тарту және пайдаланылмаған қаражатты қайтару туралы Өтініш негізінде жүзеге асырылады. Өтініш Пайдаланушы тарапынан Орындаушыға Пайдаланушы қол қойған скан-нұсқадағы еркін нысанда (Пайдаланушы бас тартатын пайдаланылмаған қызметті және банк шотының реквизиттерін көрсету арқылы) келесі электрондық пошта мекенжайына жіберіледі:support@umschool.kz.

4.2. Қайтарылатын соманы есептеу келесі тәртіппен жүргізіледі:

4.2.1. Толық Жазылымды бүкіл оқу мерзімі үшін төлеу кезінде:
а) Шарттың 2.6-тармағына сәйкес Пайдаланушы оқу процесінен өткен кезеңдерді, соның ішінде Қызметке қолжетімділік берілген, бірақ пайдаланылмаған кезеңдерді есепке ала отырып, әр есептік кезеңнің бағасы анықталады (нақты берілген жеңілдіктер мен бонустар ескеріліп);
б) Бүкіл оқу мерзімі үшін толық Жазылым құнынан Пайдаланушы оқу процесінен өткен барлық есептік кезеңдердің бағасы алынып тасталады.
Көрсетілген сома арасындағы айырмашылық Пайдаланушыға қайтарылады.

4.2.2. Есептік кезеңді ай сайын төлеу кезінде – Шарттың 3.4.1-тармағында белгіленген тәртіп бойынша.
Қайтару Пайдаланушының Орындаушыға өтініш жолдаған күнінен бастап 10 (он) күн ішінде жүзеге асырылады, төлем Жазылым үшін жасалған шотқа немесе Пайдаланушы өтініште көрсеткен шотқа аударылады. Аталған мерзімге банк операциясын жүргізу уақыты кірмейді. Қайтару Орындаушының шотынан қаражат шығарылған сәттен бастап жүзеге асырылған деп есептеледі.

4.3. Орындаушы қайтарылатын қаражат сомасынан Жазылым құнын алу және қайтарумен байланысты операциялардың шығындарын, соның ішінде банк комиссиясын ұстап қалуға құқылы. «Kaspi Bank» АҚ сайты және/немесе мобильді қосымша арқылы төлеу кезінде операцияға аквайринг комиссиясы 0,95% (нөл бүтін жүзден тоқсан бес пайызды) құрайды, Платформа немесе басқа тәсілдер арқылы төлеу кезінде – 2,9 % (екі бүтін оннан тоғыз пайыз).

4.4. Қолма-қол ақша түрінде қайтару жүзеге асырылмайды.

5. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ


5.1. Шарт бойынша міндеттемелерді орындамау немесе дұрыс орындамау жағдайында Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және осы Шарттың шарттарына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

5.2. Орындаушы Пайдаланушының Орындаушы көрсететін Қызметтерді алу арқылы қандай да бір мақсатқа жетпеуіне жауап бермейді, Пайдаланушыға нақты нәтиже кепілдік бермейді және Орындаушы Қызметтерді алу нәтижесінде Пайдаланушының қандай да бір нақты нәтижеге жетуіне жауап бермейді. Орындаушы Пайдаланушының Қызметтерді алу мақсатында Орындаушыға ұсынған материалдарын бағалауға жауапты емес.

5.3. Орындаушы Қызметтерді тиісінше көрсетпегені үшін жауапкершіліктен босатылады, егер бұл Пайдаланушының Қызметтерді көрсету үшін қажетті мәліметтерді, құжаттарды және материалдарды анық емес, жеткіліксіз немесе уақтылы ұсынбауының, сондай-ақ Орындаушының осы шарт талаптарын тиісінше орындауын қамтамасыз ететін әрекеттерді Пайдаланушының орындамауының салдары болса, оның ішінде қызметтердің құнын уақтылы төлемеу, дәлелді себепсіз сабақтарға қатыспау және т.б. жағдайларда.

5.4. Егер кешігу Пайдаланушының кінәсінен туындаған болса, Орындаушы Қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзғаны үшін жауапты емес.

6. ЕҢСЕРІЛМЕЙТІН КҮШ ЖАҒДАЙЛАРЫ


6.1. Шарт бойынша міндеттемелерді орындамауға немесе дұрыс орындамауға қатысты жауапкершіліктен Тараптар босатылады, егер міндеттемелерді дұрыс орындау төтенше және берілген жағдайларда алдын ала болжау мүмкін емес күш жағдайлары салдарынан мүмкін болмаса. Мұндай жағдайларға мыналар жатады: билік органдарының тыйым салушы әрекеттері, әскери жағдайдың жариялануы, азаматтық толқулар, эпидемиялар, блокада, эмбарго, жер сілкіністері, су тасқыны, өрт немесе басқа табиғи апаттар, билік және басқару органдарының мораторийлері, ереуілдер, террористік актілер.

6.2. Шарт бойынша міндеттемелерді тиісінше орындау еңсерілмейтін жағдайларының туындауына байланысты мүмкін болмаған Тарап осындай мән-жайлар туындаған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде олардың туындауы, түрі және ықтимал қолданылу ұзақтығы туралы екінші Тарапты жазбаша нысанда хабардар етуге міндетті.

6.3. Көрсетілген мән-жайлар туындаған жағдайда, Тараптың міндеттемелерді орындау мерзімі осы мән-жайлардың тиісті Тарапқа әсер ету уақытына сай кейінге шегеріледі.
Еңсерілмейтін күш мән-жайларының туындауы туралы хабарламау немесе уақтылы хабарламау Тараптардың кез келгенін осы мән-жайларды басқа Тарап алдындағы міндеттемелерді орындамағаны үшін жауапкершіліктен босататын негіз ретінде сілтеме жасау құқығынан айырады.

6.4. Егер еңсерілмейтін күш жағдайлары 3 (үш) айдан астам уақыт бойы жалғасатын болса, әрбір Тарап Шартты бұзуға құқылы.

7. ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ


7.1. Пайдаланушы туралы ақпаратты оның дербес деректері, сондай-ақ Платформадағы тиісті өрістерде Пайдаланушыға көрсету/ұсыну ұсынылатын өзге де деректер құрайды.

7.2. Осы шарттың талаптарын орындау мақсатында Пайдаланушы Орындаушыға өзінің дербес деректерін ұсынады және ұсынылған барлық дербес деректерге қатысты Орындаушының келесі әрекеттерді жүзеге асыруына келісім береді: жинау, жазу, жүйелеу, жинақтау, сақтау, нақтылау (жаңарту немесе өзгерту), алу, пайдалану, тарату, беру, қол жеткізу, иесіздендіру, бұғаттау, жою, жойып жіберу, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген мақсаттар үшін дербес деректерді өңдеуге қатысты өзге де әрекеттер. Пайдаланушының дербес деректерін өңдеу және қорғау Орындаушы тарапынан 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

7.3. Дербес деректерді өңдеу мерзімі 5 (бес) жылды құрайды. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін, егер Орындаушыда Пайдаланушының келісімді кері қайтарып алғаны туралы мәліметтер болмаса, дербес деректерді өңдеуге берілген келісімнің әрекеті әрбір келесі 5 (бес) жылға автоматты түрде ұзартылған болып есептеледі. Дербес деректерді өңдеуге берілген келісім Пайдаланушы тарапынан заңда көзделген кез келген тәсілмен кері қайтарылуы мүмкін.

7.4. Орындаушы Пайдаланушы ұсынған ақпаратты, оның ішінде дербес деректерді өңдеуге, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын орындау, Пайдаланушылардың, Орындаушының және үшінші тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында (сондай-ақ құқыққа қарсы әрекеттерді анықтау, тексеру/тергеу және/немесе олардың жолын кесу мақсатында) үшінші тұлғаларға беруге құқылы. Пайдаланушы ұсынған ақпаратты, оның ішінде дербес деректерді ашу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тек соттың, құқық қорғау органдарының талабы бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкін.

7.5. Пайдаланушы Орындаушыға ұсынған, сондай-ақ Платформада орналастыратын барлық дербес деректердің шынайы екенін және оларды Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының талаптарын сақтай отырып заңды негізде алғанын кепілдендіреді.

8. ШАРТТЫ ӨЗГЕРТУ ЖӘНЕ БҰЗУ


8.1. Тараптар өзара келісім бойынша қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін Шартты бұзуға құқылы.

8.2. Пайдаланушы Шартты орындаудан Орындаушыға нақты жұмсаған шығындарын өтеу шартымен бас тартуға құқылы, олардың мөлшері Шарттың 4-бөлімінің ережелерін ескере отырып Орындаушы тарапынан айқындалады.

8.3. Егер Пайдаланушы осы Шарт бойынша өзіне алған міндеттемелерді уақтылы орындамаса, оның ішінде Орындаушының сыйақысын төлеуден жалтарса, Орындаушы Шартты орындаудан бас тартуға немесе қызмет көрсетуді тоқтата тұруға құқылы. 
Орындаушы кез келген уақытта Шартты орындаудан бас тартуға құқылы, бұл ретте Орындаушы Шартты орындаудан бас тарту туралы хабарламаны алғанға дейін төленген, бірақ көрсетілмеген қызметтердің бөлігіне сәйкес Пайдаланушыға сыйақының тиісті бөлігін пропорционалды түрде қайтаруға міндетті.

9. ДАУЛАРДЫ ШЕШУ ТӘРТІБІ


9.1. Осы Шартты орындау барысында туындайтын даулар Орындаушы мен Пайдаланушы арасындағы келісім бойынша шешіледі. Тараптар арасында келісімге қол жеткізу мүмкін болмаған жағдайда, даулар іс жүргізу заңнамасында белгіленген соттылық қағидаларына сәйкес сот тәртібімен шешіледі.

9.2. Келіссөздер барысында даулы мәселелер бойынша келісімге қол жеткізілмеген жағдайда мүдделі тарап кінарат-талап қоюға міндетті.

9.2.1. Кінарат-талап келесі тәсілдердің кез келгені арқылы жіберіледі:
а) WhatsApp немесе Telegram мессенджерлері арқылы; 
б) электрондық пошта арқылы;
в) тапсырылғаны туралы хабарламасы бар тапсырыс хатпен.

9.2.2. Кінарат-талап келесі жағдайларда жеткізілген болып есептеледі:
а) ол адресатқа келіп түскен, бірақ оған байланысты мән-жайлар бойынша табыс етілмеген немесе адресат онымен таныспаған,
б) тараптар осы шартты жасасу кезінде көрсеткен телефон нөміріне және электрондық пошта мекенжайына жеткізілген.

9.3. Кінарат-талапқа мүдделі Тараптың талаптарын негіздейтін дәлелдемелер қоса берілуге тиіс.

9.4. Кінарат-талап жолданған Тарап оны қарауға және алынған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде нәтижелері туралы мүдделі Тарапты жазбаша түрде хабардар етуге міндетті.

10. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР


10.1. Орындаушының Қызметтер көрсетуі осы Шарттың талаптарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарымен реттеледі.

10.2. Пайдаланушы Платформада Жазылымды рәсімдеген сәттен бастап Офертаға қосылған болып есептеледі.

10.3. Пайдаланушы Офертаға қосылған сәтте Шартты жасасу және орындау үшін барлық құқықтар мен өкілеттіктерге ие екенін Орындаушыға растайды. Егер Пайдаланушы кәмелетке толмаған болса, ол осы арқылы Шарт талаптарын онда көзделген шарттарда жасасу және орындау үшін, оның ішінде Шарттың 2-бөліміне сәйкес «Автоматты төлем» опциясын қосуға қажетті заңды өкілінің келісімін алғанын растайды.

10.4. Шарт Пайдаланушы төлеген Қызмет түрін көрсету мерзіміне жасалады және Пайдаланушы Орындаушының тиісті Қызметтерін төлеу шартымен, оның ішінде таңдалған Қызмет түрінде көзделген болса, «Автоматты төлем» опциясын пайдалану арқылы ұзартылуы мүмкін, бірақ кез келген жағдайда таңдалған Пакеттің қолданылу мерзімі аяқталғаннан/толық игерілгеннен кейін немесе Шартта не заңда көзделген жағдайларда мерзімінен бұрын тоқтатылады.

10.5. Шарт оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін немесе Тараптардың келісімі бойынша не Шартта көзделген жағдайларда Тараптардың бірінің бастамасы бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылған сәтке дейін қолданылады. Пайдаланушының Платформаға Қолжетімділік тоқтатылған жағдайда да Шарт бұзылған болып есептеледі.
Осы Шарттың 4.1 және 4.2-тармақтарында көрсетілген негіздер бойынша, сондай-ақ қолданыстағы заңнамада көзделген өзге де негіздер бойынша Пайдаланушыға ақшалай қаражат қайтарылған жағдайда, Пайдаланушы Шарт бұзылған күнге Қызметтер көрсетуге байланысты Орындаушының нақты жұмсаған шығындарын өтейді, ал Орындаушы оларды қайтарылатын сомадан ұстап қалуға құқылы, оның ішінде Қызметтер мен Пайдаланушының Жазылымы құнын алу және қайтару бойынша банк комиссияларын қоса алғанда.

10.6. Орындаушы 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңының мәні бойынша білім беру қызметін жүзеге асырмайды. Пайдаланушының Орындаушы Қызметтерін төлеуге жұмсаған шығындарына қатысты мүліктік, әлеуметтік және өзге де салықтық шегерімдер мен жеңілдіктер берілмейді.

10.7. Орындаушы объективті негіздер болған жағдайда (Пайдаланушының негізделген шағымдары, нақты Оқытушының сабақты өткізе алмауының дәлелді себептері және т.б.) Пайдаланушыға сабақ өткізетін Оқытушыны ауыстыруға құқылы. Пайдаланушы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 339-бабының 2-тармағына сәйкес Орындаушының алдын ала жазбаша келісімінсіз Шарт бойынша өз құқықтарын басқа тұлғаға беруге құқылы емес.

10.8. Қағидалар Шарттың мәніне қатысты және оны орындаумен байланысты бөлігінде Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады. Шарт пен Қағидалар мазмұнында қайшылықтар болған жағдайда Шарттың ережелері басым қолданылады.

10.9. Тараптар Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 152-бабы 3-тармағының 2-абзацына сәйкес Шартқа қатысты мәміленің жазбаша нысаны, сондай-ақ Шартты орындау барысында жасалатын мәмілелер Платформадағы электрондық құралдар арқылы жасалған жағдайда сақталған болып есептелетінімен келіседі, бұл ретте қолмен қол қою талап етілмейді. Орындаушы мәміле жасалғанын растау ретінде Пайдаланушыға электрондық пошта арқылы тиісті хабарлама жібере алады.

10.10. Тараптар Шартты орындауға байланысты құжаттардың электрондық нысанын, оның ішінде шоттарды, хабарламаларды, Сайт және электрондық пошта арқылы хабар алмасуды қолдануға келіседі. Мұндай құжат алмасу жеткілікті болып табылады, жазбаша нысан сақталған деп есептеледі, ал осылайша берілген құжаттар Тараптар үшін түпнұсқа күші бар болады. Заңға сәйкес электрондық емес жазбаша нысанда ресімделуге тиіс заңдық маңызы бар хабарламалар электрондық пошта арқылы сканерленген көшірме түрінде жіберіліп, кейін қағаз жеткізгіштегі түпнұсқаларымен табысталады.

10.11. Пайдаланушыға жолданатын заңдық маңызы бар хабарламалар үшін Пайдаланушы Платформада тіркелу кезінде және жеке кабинетінде ұсынған ақпарат пайдаланылады. Орындаушыға жолданатын заңдық маңызы бар хабарламалар үшін келесі электрондық пошта мекенжайы пайдаланылады: support@umschool.kz.

10.12. Тараптар Шартта көрсетілген мекенжайлар немесе өзге де деректемелер өзгерген жағдайда, осындай өзгеріс болған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Шартта белгіленген тәртіппен бір-бірін хабардар етуге міндеттенеді.

10.13. Оферта Пайдаланушыны алдын ала хабардар етпей Орындаушы тарапынан өзгертілуі мүмкін. Орындаушы біржақты тәртіппен енгізген барлық өзгерістер Платформада жарияланған сәттен бастап күшіне енеді. Пайдаланушы Офертаның өзгерістерін өз бетінше тұрақты түрде тексеруге міндетті. Пайдаланушының аталған өзгерістермен таныспауы оның өз міндеттемелерін орындамауына немесе Оферта талаптарын сақтамауына негіз бола алмайды. 
Соттың заңды күшіне енген шешімімен Офертаның бір немесе бірнеше ережесінің жарамсыз деп танылуы Офертаның тұтастай жарамсыздығына әкеп соқпайды.

10.14. Тараптар осы Шартты ерікті түрде, ешқандай мәжбүрлеусіз жасасқанын, олардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі шектелмегенін, Шарттың мәнін түсінуге кедергі келтіретін аурулары жоқ екенін, сондай-ақ осы мәмілені өздері үшін аса қолайсыз шарттармен жасасуға мәжбүр ететін мән-жайлардың жоқ екенін растайды.

10.15. Осы Шарт оның мәніне қатысты Тараптар арасындағы барлық келісімдерді толық қамтиды және Шарт жасалғанға дейін ауызша немесе жазбаша түрде (оның ішінде электрондық хабарламалар алмасу барысында) қабылданған немесе жасалған барлық өзге міндеттемелер мен ұсыныстардың күшін жояды.

10.16. Офертаны акцепттеу арқылы Пайдаланушы Орындаушы туралы, көрсетілетін Қызметтер, төлем нысандары мен тәсілдері, ақшалай қаражатты қайтару шарттары мен тәртібі, сондай-ақ Шарт пен Платформа Қағидаларының өзге де талаптары туралы толық, дұрыс және уақтылы ақпарат алғанын растайды. Шартты жасасудың және орындаудың құқықтық салдары Пайдаланушыға анық және түсінікті.

10.17. Осы Шартта көзделмеген барлық өзге жағдайларда Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын басшылыққа алады.

10.18. Осы Шарт орыс тілінде жасалған. Пайдаланушы Орындаушының Сайтында Шарттың данасын жүктеп алу мүмкіндігіне ие.

15 желтоқсан 2025 жылғы редакция

Онлайн-школа подготовки в Казахстане
Умскул
Контакты
ИП «Умскул»
ИИН 980429050489
© УМСКУЛ, 2026
Зарегистрированное название компании: ИП Умскул
Адрес: улица Керей, Жәнібек хандар, зд. 12Б
Астана, Есильский район 010000
Казахстан
Телефон компании +77082672589